Әскерилер есірткі затын тәркіледі
ҚР Ұлттық ұланы Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күдікті тұлғадан есірткі затын тапты. Қала аумағындағы «Самал» ықшамауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери жасақ күнделікті қызмет барысында күдік тудырған ер азаматты байқаған. Күдікті тәртіп сақшыларын көрген бойда ізін суытқысы келгенімен ұландықтар оны тоқтатып, жеке басын анықтау мақсатында полиция басқармасына жеткізеді.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Достан Зульмураев патрульмен және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен тексеру жүргізеді. Нәтежесінде күдіктінің қалтасынан целлофанға оралған өткір иісі бар жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.
«Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Күреспен өткен күндерімді бақытым деп санаймын
- Бүгін, 05:31
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




