Өлімді тоймен шатастырмау керек
Журналист Есет ДОСАЛЫНЫҢ «Кісінің қаза болғаны да той ма?» атты ойтолғауы мені де ойға қалдырды. Шынымен де, Алланың өзі қалап берген жасын «Бұл кісінікі той ғой» дейтініміз қалай? Жақында ауылдың сыйлы қариясы Манан Тоғызбаев деген кісі 86 жасында өмірден озды. Зират басында мың теңгеден ақша, орамалға түйілген шай берілді. Зират басына 350-ге жуық адам барды. Ақша қолына тиген соң кейбір жігіттер дүкен жағалап кетті. Марқұмның ұрпақтары жайған сауабы мол дастарқанға келмей де қойды. Содан соң бейсенбі сайын марқұмдарға бейсенбілік беру үрдіске айналды. Сол дастарқанда құстың сүтінен басқаның бәрі жайнап тұрады. Құран оқытылған жерге емес, тойға келгендейсің. Негізі, марқұмдардың кәделерін қарапайым дастарқанмен өткізуді имамдар мен ақсақалдар айтып, көтеріп жүр. Онан кейін «Е,е, ол кісінікі той ғой» дегенді қою керек. Алла өмір берсе, кісі жасайды. Өзіміз де сексен жастан асып қалдық.
Той деген басқа, өлімнің аты – өлім ғой. Осыны естен шығармайық. Одан да өмірден озған кісіні баяғы бабалар дәстүріне сай жоқтап, ол кісінің жақсы, асыл қасиеттерін айтып, құрметтесек жарасымды болар еді. Баяғыша айдаладан дауыс салып, боздап, жоқтау айтатындар азайды қазір. Жанына барғаныңның өзінде егіліп тұратын ұлдар аз. Қайта әйелдер жағы көбінесе аңырап отырады. Қыздардың жүрегі нәзіктігінен болар. Түйіндеп айтқанда, біреудің отбасында болып жатқан қайғы-қасіретке той деп қарауға болмайды. Ол ешқандай тәрбиеге де, әдепке де жатпайды. Осы жағын естен шығармаған дұрыс секілді. «Aq jol» газеті осы мәселелерді орынды көтеріп отыр.
Ниязхан БЕЙСЕНОВ,
Түймекент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің
әдістемелік-нұсқаулық комиссиясының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді