Біріккен Араб Әмірлігі – еліміздегі негізгі инвесторлардың бірі
- author «Ақ жол»
- 4 қараша, 2014
- 240
Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті.
Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады. Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті. Әңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтастықтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкі мен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады. * * * Президент Әкімшілігінің Басшысы – Мемлекеттік хатшы міндетін атқарушы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында елдің құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері, сондай-ақ, Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының қазіргі құрамы мен кадрлық резервін нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді