«Aq jol» көтерген мәселе шешімін тапты
Облыстық «Aq jol» газетінің 2022 жылғы 30 шілдедегі нөмірінде жарияланған «Ауламды су алып жатыр» атты мақалада көрсетілген мәселеге байланысты «АMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының өкілдері К.Байсейітова көшесіндегі №36 мекенжайға барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тиісті орындарға облыстық басылым арқылы жанайқайын жеткізген қала тұрғынына көмек көрсету жөнінде партия тарапынан ұсыныстар берілген болатын. Ұсыныс бойынша Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мен қала әкімінің инспекторлары тарапынан мақалада көрсетілген тұрғын үй маңайындағы жол астынан өтетін арық жүйесіне орнатылған құбыр тазартылып, көтерілген мәселе оң шешімін тапты.
«АMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы.
Ұқсас жаңалықтар
Күреспен өткен күндерімді бақытым деп санаймын
- Бүгін, 05:31
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




