Ауыл мерекесіне айналған фестиваль
БАЙЗАҚ АУДАНЫ Шахан ауылында «Қымыз, шұбат – деніміздің саулығы, еліміздің байлығы» атты фестиваль өтті. Бұл шара көнеден келе жатқан қасиетті сусындарды паш етудің мерекесі ретінде аталды. Ауыл мерекесіне құлынды биесін жетектеп келген Сарыбарақ ауылының тұрғыны Дания Ордабаева бие сауу тәсілін көрсетіп, жиналғандарға саумалдан дәм татқызды. Ауыл әжелерінің жүн түтіп, ұршық үйірудің қыр-сырын көрсетуі де фестивальдің маңызын аша түсті. Ал ауыл азаматы Серғазы Тұрсынқұлұлы бабаларынан бері әлі күнге сақталып, кәдеге жарап тұрған үш аяқты ошақты елге көрсетіп, оның тарихын баяндады. «Қымыз, шұбат – ақтың төресі» деп кесе толы сусындарды қонақтарға ұсынған ауыл келіндері үлкендердің батасын алып, мерейлері тасыды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Күреспен өткен күндерімді бақытым деп санаймын
- Бүгін, 05:31
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




