Биыл 15 баспана табысталмақ
ҚОРДАЙ АУДАНЫ «Асарлатып үй салу» жобасы өңірде қызу қолға алынып, көптеген көмекке мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлап келеді. Аталмыш жауапты істен ауданның жомарт жүректі азаматтары да қалыс қалмауда. Биылдың өзінде ауданда 15 көмекке зәру отбасына жыл соңына дейін баспана кілтін табыстау жоспарланған. Жыл басынан бері Қордай, Жамбыл, Сарыбұлақ және Отар ауылдық округтерінен «Асар» жобасы аясында бес үй пайдалануға берілген. Ал бірқатар ауылдарда мұқтаж жандарға арналған үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның мақсаты мұқтаж азаматтарға баспана салып беру ғана емес, тұрғындардың өзара бірлігі мен қамқорлығын арттыруға негізделген.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




