Жәрмеңкенің жәрдемі көп
ҚОРДАЙ АУДАНЫ Аудандық білім бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бұл күні жұмысқа мұқтаждардың қатарында алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрғандар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар болды.
Жұмыс іздеушілерге 32 мекемеден түскен 125 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, экономика, заң салалары бойынша жұмыстар болды. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 3 кәсіпорын және мектеп өкілдері қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 50-ден астам азаматтың 9-ы тұрақты жұмысқа және 21-і сұхбаттасуға жолданды. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының мамандары бос жұмыс орындары бойынша толыққанды мәліметтер беріп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




