Аймақта 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген

Аймақта 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген
ашық дереккөз
Аймақта 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген
Облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Есіркепұлының сөзінше, мекеме тарапынан алғашқы жартыжылдықта біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілген.  Айта кету керек, Жамбыл облысында адвокаттар саны тұрақты өсуде. Қазіргі кезде аймақта 242 адвокат бар. Барлық аудандар 100 пайыз адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген. Жаңашылдықтың бірі 2022 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған. Аталған Заң мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар тұлғалардың және осындай көмекті көрсететін субъектілер тізімін кеңейтуге бағытталған. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары тарапынан көрсетілетін болса, толықтыруларға сәйкес бұл қатарға заң консультанттары қосылып отыр. Облыстық әділет департаменті 151 адвокаттармен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасаған. Есепті кезенде 3 744 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген. 2022 жылға қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен облысқа 157 миллион теңгеден астам қаражат бөлініпті. Қазіргі таңда, Жамбыл облысы заң консультанттары палатасы 215 мүшеден тұрады.

«Aq jol»-Аqparat».

Ұқсас жаңалықтар