Түзеу мекемесіне телефон кіргізбек болған азамат ұсталды
ҚАЖ қызметкерлері тарапынан жабық мекемелерде жазасын өтеуші азаматтардың туған-туыстары мен жора-жолдастарына жүйелі түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, заңға қайшы келетін іс-әрекеттерге баратындардың саны азаймай тұр. Сот үкімімен кінәлі деп танылған жақынына «жәрдем» жасауды ойлағандар түрлі айла-тәсілді қолданып, темір тордың арғы жағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынуда.
Мәселен, шаһардағы қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінде дәл осындай тағы бір оқиға орын алды. Кеше түнгі сағат 03:30 шамасында бүркемелеу қоршауының сыртқы жағынан №3 аумағында (5,6 бекеттер арасында) "Төрткөл" массиві жағынан түйіршіктелген 4 орам белгісіз затты лақтырмақшы болған А есімді азамат ұсталды. Түйіншектерді ашу кезінде ішінен ерекше иісі бар қара-жасыл түсті зат және "INOI" маркалы ұялы байланыс құралы бар екендігі анықталды.
Бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, заңды бұзған азаматқа қатысты ҚР ҚК-не сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




