Мақсат – айқын, мүдде – ортақ
Бүгін облыстық Қылмысық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінде ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы сарапталып, келешекте атқарылуы тиіс жұмыстар пысықталды. Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов арнайы қатысқан жедел кеңес отырысында 6 ай бойы мекемедегі жұмыс талапқа сай жүргізілгендігі айтылды.
Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Равшан Ахметов өз баяндамасында Президенттің пәрменіне сәйкес, түзеу мекемелерін бейнебақылаумен жабдықтау ісі жүйелі жүргізілгенін тілге тиек етті. Р.Ахметов сонымен бірге департамент басшылығы тарапынан берілген нақты тапсырмалар мен нұсқаулар уақтылы орындалып жатқанын да жеткізді.
Жиын соңында департамент бастығының орынбасары Қанат Шамарданұлы мекемедегі жедел ахуалды тұрақты екеніне тоқталып, айқын мақсат, ортақ мүдде жолында барлық қызметкерлер жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін баса айтты.Ұқсас жаңалықтар
Жастар – өркениетті Қазақстанның сәулетшісі
- Бүгін, 04:53
Қазақстан: Әлем саясаткерлерінің көзімен
- Бүгін, 04:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




