Өнерлі балаларға балмұздақ таратылды
Тараз қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Менің жаңа Қазақстаным» атты іс-шара өтті. Оған №45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақша тәрбиешілері мен тәрбиеленуші бүлдіршіндері, олардың ата-аналары қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан рәміздеріне 30 жыл толуы, сондай-ақ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына орай достық, бірлік, Отан туралы өлеңдерін оқып, әр ұлттың киімін киіп өз этносымен таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Олардың қатарында балалар оркестрі, хоры, бишілер мен әншілер тобы «Бейбіт ел тұрғыны» әні, «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт елім», «Достық», «Қуыршақ», «Қазақстан халықтарының билері», «Ақ көгершін» би және әндерімен көрермендердің көзайымына айналды.
Достық үйінің басшысы Парида Иманжанқызы мен мекеме қызметкерлері, ата-аналар балалардың өнеріне риза болды.
Кеш ұйымдастырушылары бүлдіршіндерді іс-шараға дайындап әкелген балабақша басшысы мен тәрбиешілеріне, ата-аналарына зор алғыстарын білдірді. Іс-шараға қатысқан 40 өнерлі балапанға «Магнат» компаниясының балмұздақтары мен «Түрік халықтарының ертегілері» кітаптары және Достық үйінің суреті бейнеленіп тоқылған кілем сыйға үлестірілді. Бибігүл ШАХЗАДА,
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




