Басты мақсат – тұрақты жұмыспен қамту
Қазіргі таңда жабық мекемелерде жазасын өтеушілерді жұмыспен және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Бұл бағытта өңірлік ҚАЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар сондай-ақ «Атамекен» ҰКП үшжақты меморондумға қол қойып, соның аясында сотталған азаматтарды еңбекке тарту өз жалғасын табуда.
Мәселен, «Самұрық Компания» ЖШС-де бүгінде 30 сотталған азамат еңбек етуде. Олар мұнда көлік жөндеумен қатар арнайы станоктардың көмегімен пескоблок жасауда. Серіктестік директоры Р.Курмановтың айтуынша, тұтынушылар тарапынан олардың өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Сол себепті де, алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайту жоспарлануда. Айта кетейік, мұнда еңбек ететін сотты болған азаматтар ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуде. Нұрсұлу КЕНІШБАЕВА, ЖД-158/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет аға лейтенант
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




