Әлеумет
Тоқаев "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2022
- 675
Тоқаев "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт келгенін жеткізді, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы. "Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады", - мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




