Ұлттық қауіпсіздіктің қырағы сақшылары марапатталды
Биыл еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына – 30 жыл! Айтулы дата мен қауіпсіздік қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өтті. Салтанатты шарада ел тыныштығын сақтауда қырағы қызмет етіп жүрген, салаға ерен еңбек сіңірген бірқатар азаматтар арнайы марапаттарға ие болды.
– Сіздер елдегі заң және құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие күрделі сала. Бұл сала – қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық пен жауаптылықты, қырағылықты талап ететіні анық. Егемендікті сақтау жолында өмірлеріңізді бәйгеге тігіп атқарған адал қызметтеріңіз баршаға аян, ұрпаққа үлгі, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ сала қызметкерлері мен ардагерлеріне құттықтау сөз арнаған облыс прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров, облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Кәрібжанов қауіпсіздік саласының ардагерлері мен үздік қызметшілеріне «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы» мен мерекелік төсбелгі табыс етті.
Маржан РАҚАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Жастар – өркениетті Қазақстанның сәулетшісі
- Бүгін, 04:53
Қазақстан: Әлем саясаткерлерінің көзімен
- Бүгін, 04:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




