Белсенді жазасын өтеушілер марапатталды

Белсенді жазасын өтеушілер марапатталды
ашық дереккөз
Белсенді жазасын өтеушілер марапатталды
 width= Бүгінде елімізде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды қоғамға қайта бейімдеу маңызды іс. Жалпы, пенитенциарлық жүйенің басым бағыттарының бірі – сотты болғандарға көмек беру, өмірге деген құлшынысын арттыру сондай-ақ еңбекке тарту. Себебі, сотталғандарды оқшау ұстағанмен, жалпы тіршіліктің тынысынан, қоғамнан біржолата аластатып тастау қателік болар еді. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде тәрбие бөлімінің қызметкерлері жазасын өтеушілердің темір тордағы әр сәтін тиімді пайдалану мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырып, олардың дамуына қанатымен су сепкен қарлығаштай өз үлестерін қосып келеді. Тиісінше, мекеме әкімшілігіне ризашылықпен алғыс айтатын сотталғандар да ҚАЖ қызметкерлерінің қамқорлығына дән риза.  width= Жуырда аталған мекеме басшылығы айтулы шараларға белсене қатысқан бірқатар жазасын өтеушілерді марапаттап, оларға күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті. Осыдан-ақ, бұл мекемеде жазасын өтеушілерге тәлім-тәрбие беру, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жан-жақты және тұрақты жүргізілетінін анық аңғаруға болады.

Мәди МАХАНОВ, ЖД-158/5 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры

Ұқсас жаңалықтар