Әлеумет
Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған ер адам ұсталды
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2022
- 691
Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған ер адам ұсталды
Жамбылда қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесіне есірткі алып кірмек болған азамат ұсталды. «Еңбек Тараз» РМК-ға тиесілі көлік жүргізушісі Е есімді азамат көліктің артқы қаңқасына жалпы салмағы 46,95 грамм болатын 2 қаптама кептірілген марихуананы алып өтпекші болған.
Заңға қайшы әрекет мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері әділет майоры Әділғазы Төлебаев, әділет аға лейтенанты Қуандық Қуанышұлы және тексеру тобының бақылаушысы әділет сержанты Ержан Ақпанбетовтың қырағылығымен әшкереленіп отыр.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Енді жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол да жазасын өтеушілердің қатарынан табылуы мүмкін.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың І жартыжылдық қорытындысына сәйкес, заңсыз әрекеттерді әшкерелеуде ерекше көзге түскен мекеме қызметкерлері мекеме және облыстық ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан марапатқа ұсынылатын болады. Айгүл АБДЫБАЕВА, ЖД-158/4 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет майоры
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




