Сәт санап
Төзген талай тарихи азапқа да,
Ұлы Отаным бүгінде азат, дара.
Шежірелі, қастерлі кең даламның,
Бой көтерді төсінде ғажап қала.
Жасалғандай бұл қала болаттан ап,
Қызығасың көркіне қараптан-ақ.
Аңыздағы Алпамыс батырға ұқсап,
Сәт санап құлпыруда, сағат санап.
Зәулімді заманыма сай көремін,
Сарыарқа жаңарудың айт өлеңін.
Айналғандай жазира символына,
«Думаным», жарқыраған «Бәйтерегім»!
Жаһанның назары ауды саған қарай,
Жыр арнады ақындар талай-талай.
Қымбатсың мен үшін сен қазынамсың,
Астанам – жаңа күмбез, алтын – сарай!
Самат ТОҚБАНОВ, жас ақын. Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




