Сахнада аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Нұрипа Манабаева мен Ақдана Құрымбаева ақын Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін, аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрилә Исаева Болат Жаппарұлының сөзіне жазылған «Бақытты бол», халық әндері «Бүлдірген» «Айқаракөзді» орындаса, кітапхана оқырмандары Айсәуле Рәпілбек балалар жазушысы, ақын Совет Әлімқұловтың «Бала ерлігі», Асқар Кеңесбай Сұлтан Қалиевтың «Елтаңбасы елімнің», Жанболат Бақытұлы Байтанағали Төлентаевтың «Аса», Айару Бақтыбек Сайлаухан Ашановтың «Туған жер», Алдияр Әзімбек Рафаэль Ниязбековтің «Аласарма», Аягөз Бағызбай Бақытжан Советұлының «Егер де мен...» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.
Өлкенің танымал тұлғаларына арналған шығармашылық кешті қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Қарлығаш Байкеева биыл 70 жасқа толған Байтанағали Төлентаев пен Болат Жаппарұлына және өзге де есімі аталған қаламгерлерге сый-құрметін көрсетіп, иығына шапан жауып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




