Жамбылдық оқушы Шарел Марғұлан алтын медаль иегері
Жамбыл облысының оқушысы Шарел Марғұлан математикадан Халықаралық Балқан олимпиадасында алтын медаль иегері атанды. Марғұлан облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
Қазақстан құрамасы үшін бұл олимпиада жемісті әрі жеңісті болды. Себебі, еліміздің қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдар.
Аталған олимпиадаға қатысу үшін ұлттық құрама Босния және Герцеговинаға маусым айында аттанған болатын. 18 елден 130 дарынды оқушылар бақ сынасқан JBMO 28 маусым мен 3 шілде аралығында Сараевода офлайн форматта өтті.
Республикалық олимпиаданың 6 жеңімпазынан құралған ұлттық құрама үшін бұл олимпиада көптеген тәжірибелер берді. Авторлық есептер қандай да бір дәрежеде математикадан халықаралық олипиадалардың силлабусы бойынша құрастырылады, оларды шешуге міндетті түрде күтпеген және бірегей тәсілдеме талап етіледі. Бұл барлық қатысушылар үшін олимпиадалық есептерді өте қысқа мерзімде шешу қабілеттерін сынауға керемет мүмкіндік болды.
Еліміздің атын асқақтатуға атсалысып жүрген жас өрендерімізді мақтан тұтатымыз.
Марғұланды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын және жетекшісіне алғыс білдіремін!
Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы Бейқұт ЖамангөзовҰқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді