Әлеумет
Жаңаарқада мердігер көпқабатты үйдің қабырға кірпішін цементсіз қалаған
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2022
- 463
Жаңаарқада мердігер көпқабатты үйдің қабырға кірпішін цементсіз қалаған
Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрғын үй қабырғасының кірпішін цементсіз қалап жатқан мердігер компания жазаланды. Баспанаға кезекте тұрғандарға берілетін үш қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Иә, заң бұзушылықтар анықталды. Үш жолақты цементсіз салған. Сол үшін мердігер мекемеге 400 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Хаттама толтырылды. Сондай-ақ, техникалық бақылау органына да 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, оның аттестатын алты айға тоқтаттық», - дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин. Белгілі болғанындай, Жаңаарқа ауданындағы үш қабатты үйлерді «АгроПромРемСтрой» компаниясы салып жатыр. Соңғы қабатын көтеріп үлгермеген жоба үшін ол қазынадан 500 млн теңге алып үлгерген.
Бұған қоса, сапасыз құрылысқа рұқсат берген техникалық бақылаушы орган қызмет көрсеткені үшін 10 млн теңгеге жуық қаржы алған. Енді бұл мекеме алдағы жарты жыл бойы нысандарды қадағалау қызметімен айналыса алмайды. Ал, аталған 3 қабатты 17 үйдің құрылысы мемлекеттік сараптамадан қайта өткізіледі. Тәртіптік жазаға Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тартылды. Еске салайық, осыдан бір ай бұрын аудан тұрғынының сапасыз салынып жатқан құрылысты әшкерелеген видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Құрылысы былтыр басталған тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




