Әнші Юрий Шатунов өмірден өтті
Ресейлік танымал әнші, «Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатунов 48 жасында өмірден өтті.
Бұл туралы басылымға бүгін, 23 маусымда өнер иесінің директоры Аркадий Кудряшов хабарлаған. Әншінің қайтыс болғанын медицина саласындағы екі дереккөз де растаған. Басылымның жазуынша, әнші түнде инфаркттан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
«112» Telegram каналаның хабарлауынша, кеше әнші өзінің менеджерімен Мәскеу түбінде демалып жүрген. Кенет ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда өнер иесі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Үш жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Ал 11 жасында анасы өмірден өткен. Болашақ әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Ол сол жерде көркемөнер үйірмесінің жетекшісі Сергей Кузнецовпен танысқан.
Осы уақыттан бастап Шатунов өнер жолына қадам басқан және әйгілі «Ласковый май» тобының тарихы да осы тұстан бастау алады. Юрий Шатунов топтың солисі ретінде халық арасында аса танымал болды. Оның орындауындағы «Белые розы», «Лето», «Пусть будет ночь», «Седая ночь», «Ну, что же ты…», «Тающий снег» әндері әлі күнге дейін халықтың жадында.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




