Алғыс арқалаған абзал жандарға құрмет көрсетті
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Ал дәрігер – денсаулық кепілі, адам жанының емшісі. Науқасқа көмек қолын созып, жанашырлық танытатын, жылы сөзімен емдейтін қамқоршы ақ халатты абзал жандар. Ендеше, қиналып жатқан адамның пірі саналатын дәрігерлер қандай құрметке болсын лайықты!
Бүгін облыс орталығындағы «Достық үйінде» өткен салтанатты шара барысында ҚАЖ мекемелерінде қажырлы еңбек етіп, антына адалдық танытқан дәрігерлер марапатталды. Салтанатты жиында сөз алған өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев әркез адал қызметімен ерекшеленетін жандарды құттықтады.
- Дәрігер – аурудың арашасы, адам өмірінің себепкері. Бұл мамандықтың қоғамға қажеттілігі пандемия кезінде, карантинге жабылған шағымызда қатты білінді. Өршіген жұқпалы ауруға дәрігерлер ғана төтеп берді. Мыңдаған адамдарды ажалдан құтқарды. Оған бас июге тура келді. Сол ақ халаттылар қатарында, індетке қарсы күресте, алдыңғы шепте Сіздердің де жүргендеріңізді жақсы білеміз. Өлшеусіз еңбектеріңізбен әрдайым алғысқа бөлене беріңіздер, - деген Еркін Үсенұлы үздіктерге департамент бастығының Алғыс хатын табыс етті.
Айта кетейік, салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Онда өңірге белгілі өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.
ЖД-158/5 мекемесі
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді