Әлеумет
Тоқаев: "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін жат деп санау - қисынсыз
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2022
- 514
Тоқаев: "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін жат деп санау - қисынсыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды, - деп хабарлайды Ақ Жол тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент барша қазақстандықты Ұлттық құрылтайдың ашылуымен құттықтады. "Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты", - деді Президент отырыста.
"Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар "Қазақстан» атауындағы "-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар. Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




