Әлеумет
Бүкіл Қазақстан атынан Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым – Тоқаев
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2022
- 523
Бүкіл Қазақстан атынан Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым – Тоқаев
Президент Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы жақсы ырым екенін атап өтті. "Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы жақсы ырым. Бәріміз бабаларымыздың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын тілейміз", - деді Тоқаев Ұлытауда ұлттық құрылтай отырысында.
Президент ұлы даланың төрінде тұрған Ұлытау талай тарихи оқиғаның куәсі болғанын атап өтті.
"Ел тағдырын айқындаған көптеген маңызды кеңестер дәл осында өткен. Киелі өлкеде Алтын Орда әміршілері мен қазақ хандарының ізі қалған. Біз ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапсын деп осы жерге келіп отырмыз", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев жаңа өңірде жаңа облыс құрылғанын айтты.
"Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады", - деді ол.
Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты, деді президент.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




