«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында 10 көлік соғысқан жол-көлік апаты болды

Жамбыл облысында 10 көлік соғысқан жол-көлік апаты болды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында 10 көлік соғысқан жол-көлік апаты болды
 width= Жамбыл облысында тас жолда бірнеше көлік соғысқан. Салдарынан 9 адам дене жарақатын алып, бір жолаушы көз жұмған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді. 2022 жылғы 15 маусымда сағат 03.00-де республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатқан «Scania» жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жанып кеткен. Өрт өрши түсіп, көлік қозғалысына кедергі келтіргендіктен, жолдағы көліктер тоқтауға мәжбүр болған. Кейінірек сағат 03.40 шамасында оқиға орнына 550-600 метр қалғанда «DAF» жүк көлігі тоқтай алмай жолда тоқтап тұрған екі «Toyota Camry», «Audi 100», «Van Hol» екі жолаушылар автобусы, «Chevrolet Cobalt», «Daimler Chrysler», «BMW X5», «Toyota Alphard», «Audi 80», жалпы саны 10 автокөлікті соғып өткен. Соқтығыс салдарынан 1 «DAF» жүк көлігі, 2 «Van Hol» жолаушылар автобусы және 1 «Audi» көлігі өртенген. Өкінішке қарай «Toyota Camry» көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, 9 адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның ешеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлермен жүргізіп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, жүргізушілер жол ережесін бұзуды жалғастыруда. Аталған жолдың 554 шақырымында жаңа Күйік асуы арқылы түсуге тыйым салатын «Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған» 3.4 жол белгісі орнатылған. Алайда жүк көлігі жүргізушілерінің жол белгілері талаптарына назар аудармауының арты осындай қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруда

Ұқсас жаңалықтар