Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған
Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болған. Әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Басылым мәліметі бойынша, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырында әйел өзіне қол жұмсамақ болған. Оны көргендер дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дер кезінде қайғылы оқиғаның алдын алған. "Ол жерге барып, әйел секірмек болып тұрғанын көрдік. Жігіттермен шатырға шықтық, бізге жақын тұр екен. Басында сөйлесіп көрмек болдық, бірақ пайда болмады, ол секіруге шақ қалды. Оның көйлегінен ұстап, өзімізге қарай тартып алдық, кейін ол жұлқына бастады", - деді полиция қызметкері Сұңғат Әбілов.
"Оны тыныштандырып, дәрігерлерге тапсырдық. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, біздің міндетіміз құтқару, адам өмірін сақтап қалу үшін бәрін жасау. Осыдан кейін оны полиция бөліміне апардық, ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен екен. Оның күйеуі де полиция бөліміне жеткізілді, қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр", - дейді полицей Сұңғат Әбілов.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




