Жазасын өтеушілерді құжаттандыру жүйелі жүргізілуде
ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері айналысады. Сотталғандарды құжаттандыру жұмыстары барысында сотталғандардың жеке басын куәландыру және шетел азаматтарының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеушілердің жеке басын куәландыратын құжаттары рәсімделуде. Арнайы есеп бөлімінің инспекторы А.Саттыбаева мекемеге сотталған азаматтар келген күннен бастап, құжаттандыру бойынша жұмыстарды қолға алған. Әділет лейтенанты құзырлы органдарға сұраныс хаттар жіберіп, сотты болғандардың жеке басын анықтауда. Осылайша, жыл басынан бері сотталғандардың жеке куәліктерін рәсімдеу бойынша іс-құжаттар толтырылып, бірнеше жазасын өтеушінің жеке куәліктері рәсімделген.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




