Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды
Ақтауда шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағынауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған. "Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




