Вейптерге толық тыйым салынады - министр Қуантыров
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерге тыйым салу жоспарын түсіндірді.
"Вейтерге толық тыйым салынады. Вейптер - бұл біздің балалар сатып алып жатқан екі-үш мың теңгелік никотиндер. Бүгінде олар тым қолжетімді болып тұр. Оларды арнайы құрылғыда қызған күйде тартылатын өнімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Олардың бағасы қымбат және олар стиктермен тұтынылады", - деді Қуантыров.
Сонымен қатар, ол темекі қыздыру құрылғыларына арналған стиктердің қымбаттап бара жатқанын атап өтті.
"Әрине, стиктердің де бағасы көтеріледі. Өздеріңіз білесіздер, халық денсаулығы үшін осындай қуатты лобби жүріп жатыр. Мүмкін, бұл дұрыс та шығар. Стиктердің темекіден айырмасы жоқ. Сондықтан халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылданды", - деді Қуантыров.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




