Сотталғандар психологтан кеңес алды
Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді тәрбиелеу процесінің тағы бір бағыты - мекеме психологының сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізуі. Осыған орай, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының тармақшаларын орындау мақсатында облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің психологы А.Сыбанбаев ұйымдастырған психологиялық тренингке мекемеде жазасын өтеуші 10-нан аса сотталған адам қатысты. Тренинг барысында психолог маман сотталғандармен жеке-жеке психологиялық сұхбат жүргізді.
- Сотталғандарды қоғамнан оқшаулатпай, ортаға тарту маңызды. Барынша қолдау білдіріп, әрі қарай көппен бірге араласып кетуін қамтамасыз ету керек, - дейді маман.
Жалпы, бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту сондай-ақ, сотталғандардың эмоциялық көңіл күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




