Есепте тұрған азамат түзеу мекемесіне айдауылданды
Пробация қызметкерлері тарапынан жаза басып, жаңылысқан жандарға күн сайын тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, заңға немқұрайлы қарайтындардың саны азаяр емес.
Мәселен, Тараз қалалық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған Х есімді азамат сот жүктеген міндеттерді сақтамаған. Ол дәл осындай әрекетті бірнеше рет қайталап, тіпті әкімшілікке жауапкершілікке де тартылады.
Нәтижесінде сот қаулысымен жазаның өтелмеген бөлігін өтеу үшін 1 жыл 5 айға қайта түзеу мекемесіне айдауылданды.
Айта кету керек, Х есімді азамат 2018 жылы жазасының қалған мерзімін өтеу үшін 5 жыл 3 ай 2 күнге пробация қызметінің есебіне тіркелген болатын.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




