Жастар денсаулық орталығы ашылды
2013 жылы ашылған «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығының атқарып жатқан жұмыстары облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жоғары бағалануда. Орталық облыс көлемінде 10-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін орынға айналғаны қашан. Мұндай орталық енді №2 қалалық емханасында да жұмыс істей бастады. «Жан-Нұр» облыстық жастар денсаулық орталығы» облысты қамтитын қалалық, аудандық және облыстық деңгейдегі барлық емханаларға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, құқықтық кеңестер беріледі.
Орталықтың көрсететін қызметтері: тренинг, дөңгелек үстелдер, сұрақ-жауап кештері, әңгімелесу, акциялар мен байқаулар, лабораториялық тексерулер, педагог, әлеуметтік сауалнамалар, ЭКГ, дәрігер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандарының қабылдауы, сондай-ақ заңгер кеңесі де беріледі. Мұнда көрсетілетін барлық медициналық-әлеуметтік қызмет тегін және қажет жағдайда құпия түрде, жарияланбай көрсетіледі.
Орталықтың ашылу салтанатына қатысып, оның алдағы уақытта атқаратын міндетін саралап шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұнда жастар мен жасөспірімдердің бос уақытта айналысуына қажетті жағдайлардың жасалғаны жөн екенін, қиын жағдайларда қайырылғандарға әлеуметтік-психологиялық көмектің дер кезінде және дұрыс берілуі өте маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ орталық жұмысына сәттілік тілеп, емхананың бас дәрігері Жеңіс Тойшыбековаға жаңа бөлімшеге барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Гүлнұр ДІЛДАБЕКОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




