Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Aқ Жол тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келді. Президент осы учаскеде бюллетень арқылы республикалық референдумда өз таңдауын жасады.
Бүгін референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын береді. Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адамды құрайды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды.
Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




