Әлеумет
TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2022
- 468
TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
Білім, мәдениет, туризм саласындағы жобаларды және ел аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау үшін TikTok компаниясының делегациясы Қазақстанға келді Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарын бөлісті. Бұл туралы ол Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компания.
2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы бір миллиардтан астам дүниежүзілік ай сайынғы аудиториясы бар жетекші жаһандық интернет-платформалардың бірі.
TikTok өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ай сайын платформаны 7 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы қолданып отыр. Компания әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда білім мен мәдениеттің дамуына ықпал ету саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.
Олег Соколов TikTok-тың Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-ағартушылық контентін күшейту ниетін атап өтті.
Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компанияның өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, компания еліміздегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




