ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ. Қазірдің өзінде ХҚО-ларда 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.
Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды.
Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі: - Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
- Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
- Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
- Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
- Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




