Ынтымақ пен бірлік –бақытты болашақ
Ежелден қазақ елі татулықты, бірлікті ұстанған ел. Қазақ елі өте қонақжай халықтың бірі. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Әрбір адам үшін ең асыл қазына – Отанын, туған елін сүю. Осы тұста бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.
Ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, мұның барлығы ілгері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен Ата Заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі.
Міне, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы.
Айнұр АҚБОЛТАЕВА,
облыстық «Тілдерді оқыту орталығының»
аудандық бөлімшесінің оқытушысы.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




