Ақтоған ауылдық округіне қарайтын Қазақдиқан ауылының тұрғындары бұл күнді көптен күткен болатын. Ауданда осынау экологиялық жағынан таза отынды 24 елді мекеннің халқы пайдаланып отыр.
Бұған дейін Ақарал ауылына – 3, Сармолдаев ауылына 2 шақырымнан газ құбырын тартқан «Ақбарысстрой» серіктестігі Қазақдиқанға 4,5 шақырым қашықтықтан көгілдір отын жеткізді. Ауылда құрылған кооператив жетекшісі Есен қажы Ниязбековтің айтуына қарағанда үй-үйге газ кіргізу оңайға түспепті. Әр отбасы бюджетінен 270 мың теңге қаражат жұмсалған. Жалпы осы ауылға көгілдір отын тартуға мемлекет 64 миллион 500 мың теңге қаржы шығарып отыр.
Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге келген аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов пен аудандық мәслихат хатшысы Ілияс Ахметжанов салтанатты түрде ауыл ақсақалы Есен Ниязбековтің үйінде табиғи газдың алауын жақты. – Ошақтың жылуы – отбасының жылуы. Сондықтан ауылдың барлық тұрғындарына «ошағың сөнбесін» деген тілек арнаймын. Міне, сексен үйге газ кірді. Бұл – сексен үй шаруасындағы әйелдің қолы қысқарды деген сөз. Үйлеріңнен жылу кетпесін, ағайын,– деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар қажы Иманалиев салтанатты рәсімде.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза су айдындары» акциясы аясында қоймалар тазартылды
- 13 сәуір, 2026
Мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты жұмыс табыла ма?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




