Серіктестіктің бас директоры Микаэль Хабибовтың айтуынша, жобаның жалпы алаңы 1 гектар аумақты алып жатыр. Нысанның жылдық қуаты 5 мың тонна. Жобаның жалпы құны 290 миллион теңгені құраса, оның 200 миллион теңгесі 2,5 пайыз жеңілдікпен алынған. Қалған 90 миллион теңге кәсіпорынның өз қаражаты. Қазіргі таңда зауыттың іргетасы қалануда.
– Жаңа зауыт құрылысын бастағанымызға көп бола қойған жоқ. Қазір нысанның іргетасын қалаудамыз. Мұндағы құрылыс жұмысына 13 құрлысшы тартылған. Алдағы аптада жұмысшы санын арттыру жоспарымызда бар. Жалпы зауытты 4-5 айда бітіріп, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді Микаэль Хабибов.
Құрылысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған. Зауыт іске қосылып, толық қуатына шыққан сәтте жұмысшы саны 60-70 адамды құрамақ. Серіктестік бүгінде зауытты шикізатпен қамту мақсатында жергілікті «Агрохолдинг Aspan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативімен бірлесе жұмыс істеуде. Кооператив биыл 36 гектар алқапқа бұршақ дақылын орналастырған. Сондай-ақ егіс алқабын жинайтын 3 ауыл шаруашылығы комбайнын сатып алған. Бұршақтың Red Kidney сортты тұқымы Мексика елінен әкелінген. Оның өнімділігі гектарына 5-7 тонна аралығында болмақ. Өнімнің нарықтағы бағасы 1500 АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде өнімді өткеру туралы шет елдермен келісімшарттар жүргізілуде. Аталған жобаға «Тараз» ӘКК арқылы бұршақ және жүнді терең өңдеу бағытына 100 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған. Бұдан басқа «ANS-Plast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі суару жүйелеріне арналған спринклерлік жабдықтар өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 350 миллион теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда серіктестік зауытқа қажетті жабыдықтар сатып алу үстінде. Серіктестіктің бас директоры Микаэль Хабибов зауыт құрылысын жоспарға сәйкес аяқтап, өнім өндірісін осы күзде бастап кетеміз деп отыр.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты жұмыс табыла ма?
- 13 сәуір, 2026
Балаңыз үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




