– Орталықтардағы реабилитациялау мен оңалту шараларының нәтижесінде 211 балада оң нәтиже байқалған. Мәселен, 21 бала сөйлеп кетсе, 29 бала дыбыс шығаруға үйренді. Ал 41 бала өз беттерінше еңбектесе, 34 бала отыруға бейімделді. Ем қабылдап, оң нәтиже көрсеткен 12 бала арнайы кәсіптік колледждерге оқуға түсті. Сонымен қатар, орталықтарда қызмет алушы балалар параолимпиадалық спорт түрлеріне қатысып, жүлделі орындар алуда. Оның ішінде пара жүзу, бочча ойыны, қол күресі және тағы басқа спорт түрлері бар. Бұдан бөлек, қызмет алушы балалар қатарында өнерлі балалар да жеткілікті, оларда әртүрлі фестивальдарға, байқауларға қатысып жүлделі орындар алуда. Жалпы облыста спорттың үйірмелермен 436 мүгедектігі бар азамат қамтылған. Олардың 161-і кәмелет жасындағылар. Сондай-ақ, келесі жылға спорттық инклюзия орталығының құрылысы басталмақ. Бұл да өз кезегінде спортпен қамтылуға жаңа серпін беретін болады, – дейді басқарма басшысы.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мүгедектігі бар азаматтарға үйде қызмет көрсету мақсатында 14 бөлімше және бір бөлімшеден тыс мекеме жұмыс істейді. Оларда мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Ал облыста жергілікті бюджет есебінен 8 үкіметтік емес ұйым тарапынан 2331 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Сондай-ақ, Байзақ, Жуалы және Мойынқұм аудандарында 60 мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан күндіз болу жағдайында оңалту және бейімдеу орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар биыл мүгедек балалары бар үйге оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін есепті мерзімге 160 балаға 1,4 миллион теңге төленді.
– Жалпы біздің басқармаға қарасты соңғы 3 жылда 11 орталық ағымдағы жөндеуден өтті. 2029-2030 жылдар аралығына облыстық даму жоспарымен бекітілген тұрғындар қажеттілігіне негізделген өңірлік стандарттар жүйесіне күрделі жөндеуге 2 орталық, 7 жаңа орталық құрылысы енгізілген. Орталықтардың жобалықсметалық құжаттамаларына қаражат 2028 жылға жоспарланған. Бұл шаралар Еңбек министрлігімен келісілген. Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 35515 адамды қамту жоспарланып, осы жылдың 1 наурызына атаулы әлеуметтік көмек 2498 отбасындағы 13825 адамға барлығы 423,4 миллион теңгеге тағайындалып, 2040 отбасындағы 11220 адамға барлығы 182,2 миллион теңгесі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 445 отбасы (–15,1 пайыз), 2284 (– 14,2 пайыз) адамға азайған. Сонымен қатар АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 613,4 миллион теңге қаржы қарастырылып, 12129 баланы қамту жоспарланған. Есепті мерзімге АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы төлем 4349 балаға барлығы 53,5 миллион теңге тағайындалып, 3538 балаға 22,7 миллион теңгесі төленді, – дейді Еркін Келесов.
Бүгінгі күні Үкімет тапсырмасына сәйкес басқармада барлық қызметтерді біріздендіріп, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер цифрландырылуда. Басқарма басшысының айтуынша, бұл мемлекет саясаты бірінші кезекте мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Өткен жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытында қызмет алушылар онлайн негізде өздеріне жұмсалған әр тиынына дейін «Әлеумет» порталында көруге мүмкіндіктері бар. Барлық ақпарат қолжетімді. Одан бөлек, «Социум» порталы 2025 жылдан бастап қосылып, қазіргі қабылданып жатқан жан басына шаққандағы қаржыландыру процестерін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы және басқа да қызметтерді интеграцияландыра отырып «Бірыңғай цифрлық платформасы» аясында шоғырландырылуда. Бұл өз кезегінде қызметтер сапасын бақылауға бағытталып отырған тиімді шара.
Қазіргі таңда орталық қызметкерлері бұл жүйелермен жұмыс істеу үшін толық оқудан өткен. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Инватакси» қызметіне 262,9 миллион теңге қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 14 инватакси қызметі жұмыс атқарады (мемлекеттік сатып алу арқылы, бағаны төмендету тәсілімен анықталады). Биыл мыңға жуық (769) инватакси пайдаланушысы қызмет алып, оларға 32 автокөлікпен қызмет көрсетуде (оның ішінде 292 тірек-қимыл аппараты бұзылғандарға 16 автокөлік). Сонымен қатар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі әлеуметтік портал арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде «Инватакси» қызметін пайдаланушылар үшін тасымалдаушыларды таңдау кезінде кең мүмкіндіктер бермек.
– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында жыл басынан бері басқармаға 568 мүмкіндігі шектеулі азамат жүгінді. Оның ішінде 231 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына – 80, «Бастау Бизнес» жобасына – 71, skills.enbek.kz платформасында онлайн курстарға – 31, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 49 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылды. Сонымен қатар «2026 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, тұрақты жұмыспен қамту бағытында биыл облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 62 мекемеге квота арқылы 103 адамды жұмыс орындарына жолдау жоспарланды. Нәтижесінде 15 адам жұмысқа орналастырылды. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру бағыты бойынша биылғы жоспарға сәйкес 11 адамды жолдау көзделген. Одан бөлек, жылда берілетін қайтарымсыз грантымыз да бар. Өткен жылы 1008 гранттың 271-і мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедек балалардың заңды өкілдеріне берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады, – дейді облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Балаңыз үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс?
- 9 сәуір, 2026
Сүтті өңдеу – тиімді кәсіп
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




