«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Таза су айдындары» акциясы аясында қоймалар тазартылды

«Таза су айдындары» акциясы аясында қоймалар тазартылды
Автор
Таза табиғат, жасыл орман, саф ауа, сыңғырлаған мөлдір бұлақ – адамзат тіршілігінің қайнар көзі. Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығы мен өмір салтына тікелей әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан табиғатты қорғау, оны сақтау – адамзатқа ортақ міндет.

– Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілген болатын. Қазақстанда балық шаруашылығы су айдындарындағы қараусыз қалған балық аулау ауларынан және жағалау аумақтарын тазартуға, азаматтардың су ресурстарын ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы табиғат қорғау акциясы басталды. Мұндай акциялар болашақ ұрпақ үшін су қоймаларымыздың био алуан түрлілігін сақтау үшін үлкен маңызға ие. Біз су қоймаларын тасталған (иесіз) балық аулау жабдықтарынан, жағалау аумақтарындағы қоқыстардан тазартамыз. Бұл сөзсіз қоршаған ортаға көп пайда әкеледі. Барлықтарыңызды су объектілерінде, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарында тазалықты сақтауға шақырамын, – деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Азамат Кабдугалиев.

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес акция өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары және «Тасөткел» су қоймасының қорықшыларымен «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі, еріктілер бірлесіп «Тасөткел» су қоймасында «Таза су айдындары» акциясын өткізді. Аталған акцияға барлығы 50 адам қатысып, 10 су көлігі және автокөліктер жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде, су айдынынан 10 шақырымнан астам заңсыз құрылған аулау құралдары алынып, арнайы белгіленген орындар жойылды.

Аталған акция балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде. Атап айтсақ Шу ауданы бойынша 5 су қоймасы бар. Олардың ішіндегі ауқымдысы республикалық мәндегі «Тасөткел су» қоймасы. Бұл жағдайды ескерген ШуТалас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының тікелей атсалысуымен ұйымдастырылуда. Осы орайда көпшілікке түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіліп, мақалалар жарияланды.

 

Жұмахан ЧЕКАЕВ

Ақпарат саласының үздігі,

«Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар