Әлеумет
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 27 мамыр, 2022
- 332
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі өкілі Қытай түрмесінде өмір бойы жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.
"Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
"Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты", - делінген СІМ хабарламасында.Еске салайық, бұған дейін Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Оның айтуынша, Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған қазақстандықты экстрадициялау туралы ойлау әлі ерте. Мәселе әлі шешілген жоқ.
"Қазақстан Республикасының сотталған азаматтарын елге қайтару 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт! Елге қайтару мына процедуралардан тұрады:Өте маңызды сәт. Биыл жаза қайта қаралуы мүмкін", - деді Нұрмағамбетов.
- Үкімді өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға (мерзім бойынша есептелген) қайта қарау туралы қаулы елге қайтаруға тікелей ықпал етеді.
- ҚР Бас прокуратурасына сотталушыны елге қайтару туралы өтінішхат жолдау. *Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуірінде бастадым.
- БП мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді