Жаңа жобалар тиімділігі зерделенді
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен апта сайын инвестициялық жобалар жөніндегі штаб отырысы өтуде. Кезекті кеңеске бірқатар облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, Тараз қаласының және Т.Рысқұлов ауданының әкімдері қатысты.
«Asia Chem» ЖШС Минералды тыңайтқыштар (қарапайым және қос суперфосфат) шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 150 мың тонна. Жобаны іске асыру аясында 100 уақытша және 38 тұрақты жұмыс орны құрылады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Серіктестік шаруа қожалықтарымен белсенді ынтымақтасуға ниетті.
Ал «КазПромЛит» ЖШС ферросилиций өндіретін зауыт құрылысының жобасын ұсынды. Өндірістік қуаты – жылына 60 мың тонна. Іске асыру мерзімі – 2022-2023 жылдар.
Құрылған жұмыс орындарының саны – 400. Екінші кезеңде компания ферромарганец шығаруға ниетті.
Сонымен қатар «ECO-CHICKEN» ЖШС шағын құс фермаларын салу бойынша өз жүйесін әзірледі және біздің облыстың шаруаларымен тәжірибе алмасуға дайын.
Өңір басшысы сондай-ақ «Regeneraсia» және «Ақ қамыс» серіктестерінің өкілдерімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында инвесторлар жер телімдерін бөлу және қажетті инфрақұрылым жүргізу мәселелерін көтерді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жауапты басқармалар мен «Тараз» ӘКК басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Экология департаменті жобаларға экологиялық сараптама жүргізуі қажет. Жекелеген мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен жұмыс істеу тапсырылды.
– Әрбір жоба ерекше бақылауда болуы тиіс. Барлық өзекті мәселелерді апта сайын штаб отырыстарында талқылап, жедел түрде тиісті шаралар қабылдайтын боламыз, – деп түйіндеді өңір басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді