Бәрі жақсы болады
Қор мен салықтан жағымды хабарлар келіп, Қазақ елінің болашағы нығая түсті. 2022 жыл біз үшін экономикалық жағынан табысты уақыт болады. Биылғы жылдың 4 айында Ұлттық қорға 2,1 триллион теңге түсті. Мысалы, бүкіл 2021 жылы Қорға түскен қаржы 2,6 триллион теңге болатын. Биыл кем дегенде 5 триллион теңге келеді деп болжасақ, ал Үкіметтің трансферт ретінде Қордан алатыны 4 триллион теңге болса, онда 1 триллион теңге қоржында қалуы тиіс. Одан бөлек, инвестициялық табыстан аз дегенде тағы 2 триллион теңге пайда аламыз деген болжам бар. Сонда Ұлттық қор 3 триллион теңгеге (6 млрд. доллар) толығуы тиіс. Олигархат кеткеннен кейін Алтын Орда (барахолка, Қорғас) Қордай жүйелері көлеңкелі экономикадан шығып, бұған дейін беріп жүргендерінен бірнеше есе көп салық төлей бастады. Ол бірден бюджеттің кіріс бөлігінің жоспардан артық орындалуын қамтамасыз етіп отыр. Қазір үкімет кезінде билікке жақын болып, салықты аз төлеп келген ірі құрылыс компанияларын (автосалондарды) жіті тексере бастады. Одан да бюджет кем дегенде +10 миллиард теңге көре алады.
Айбар ОЛЖАЕВТЫҢ
фейсбук парақшасынан алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




