Оқу-жаттығу жиыны өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде оқу-жаттығу жиыны өтті. Облыстық ҚАЖ және Полиция департаменті сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері қатынасқан шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.
Аталған оқу-жаттығуға ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының командирі генерал-майор Т.Амреев, облыс прокурор ының орынбасары әділет кеңесшісі А. Карим арнайы қатысып, жоғары бағалады. Айта кетейік, бұл күні құқық қорғау органдары болашақта жаңа технологияларды игеру арқылы оқу-жаттығуды одан әрі дамыту мақсат етіп отыр.
Жалпы, бұл күні арнайы жасақ құрылып, тактика бойынша әрекет жасалды. Дабыл қағылған сәттен соң, лезде сотталғандар шу шығарған аумақ қоршауға алынып, олардың емін-еркін жүруіне шектеу қойылды. Сонымен қатар, оқиға орнына жақын жерден орталық штаб құрылды. Бірнеше сағатқа созылған операция барысында қызметкерлерге жасанды жарылыс арқылы шабуыл жасалды.
Бұл оқу-жаттығу қауіп-қатердің алдын алуды міндеттесе, құқық қорғау органы қызметкерлеріне тәжірибелік сабақ болды. Жаттығу барысында мамандар қауіп төндірмеуге қызмет етіп, бірлесе қимылдау алгоритімін үйренді.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




