Оқушылар құттықтап келді
Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Aq jol» газетінің редакциясында болып, басылымның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. Оқушыларды бастап келген мектеп директорының орынбасары Айша Жолдасбекова білім ордасы ұжымының, оқушылардың сәлемін жеткізді. Мектептегі қолөнер үйірмесінің оқушылары теріден илеп, бетіне суретпен бедерлеп басылым атауын жазған суретті салтанатты түрде табыс етті. Ал 7-сынып оқушылары Нұрасыл Нұржанұлы мен Диана Ошан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәселбек Райхан Алмасбекқызы мен география пәнінің мұғалімі Нұрбол Аманбековтің «Ақ жолға» арнап шығарған өлеңін нақышына келтіріп оқып берді.
Газет редакторы Оралхан Дәуіт мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыс айтып, редакция есігі талапты жастарға әрқашан ашық екенін жеткізді.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




