Әлеумет
Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында жаңа әскери операция басталатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 24 мамыр, 2022
- 395
Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында жаңа әскери операция басталатынын айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара жақын маңдағы аймақтардан келетін лаңкестік қауіптерге қарсы тұру үшін оңтүстік шекарада жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеді.
"Бұл операциялар әскери, барлау және қауіпсіздік күштері дайындықтарын аяқтағаннан кейін басталады", - деді Ердоған.
Агенттіктің мәліметінше, шабуыл Сирияның солтүстігіне бағытталады. Себебі, Түркия 2016 жылдан бастап күрдтердің "халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" құлату үшін бірнеше әскери операциялар жүргізген болатын.
"Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" 2014 жылдан бастап күрдтер басқаратын коалиция - Сирия демократиялық күштерін құруға көмектесті. Бұл отрядқа АҚШ ДАИШ-қа қарсы күресте үлкен сенім артады.
Ердоғанның мәлімдемесі Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген тұсында жасалды.
Еске салайық, осыған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қарсы екенін айтқан болатын. Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




