Әлеумет
"Шегіртке болмағанда не болдық?" Саят Медеуов өнердегі әріптестерін сынап тастады
- author «Ақ жол»
- 23 мамыр, 2022
- 469
"Шегіртке болмағанда не болдық?" Саят Медеуов өнердегі әріптестерін сынап тастады
Белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялады.
Өнер иесі кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтты. "Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал, менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, енді шегіртке болмағанда не болдық деген ой келеді. Қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан былапыт сөз. Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой. Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма? "Атан түйе құтырса жұт болады"- дейді әнші.
"Бүгін танымал болудың ең оңай жолын таңдағанмен, ертеңгі күнімізді неге ойламаймыз? Құрметті президент мырза және депутаттар, ұрпақтың болашағын ойласақ, қазақы құндылықтары сақталған ұлт боламыз десек, бүгінгі бетімен кеткен әлеуметтік желіні ретке келтіру керек", - делінген жазбада.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




