ҚАЖ қызметкерлері театрға барды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты мекеме қызметкерлері қиындығы мол қызметте жүрсе де, мәдени шаралардан шет қалмайды. Құқық қорғау қызметкерлерінің мұндай қадамы олардың қоғаммен байланысын арттыра түсетіні анық.
А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Тағдыр тәлкегі» спектакльін тамашалаған ҚАЖ қызметкерлері сүрініп кетіп, бүлінген тағдыр иелерінің сезімдерін бастан кешірді. Дәл осы сәтте: «Өмір біреу, тағдыр түрлі» қағидасы еске түскендей. Жоспарға сай сахналанған қойылымда рухани, адамгершілік және тәрбие жан-жақты көрсетіліп, әсіресе дін саласында сауатты болу мәселесі асқан шеберлікпен жеткізіледі.
Тағылымы мол қойылым соңында ҚАЖ қызметкерлері 1936 жылы 16 наурызда ашылған А.Тоқпанов театрын аралап, ондағы экспонаттарды көріп қайтты.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




