Әлеумет
Түрікменстанда әйелдерге жасанды кірпік пен тырнақ жалғауға тыйым салынды
- author «Ақ жол»
- 21 мамыр, 2022
- 539
Түрікменстанда әйелдерге жасанды кірпік пен тырнақ жалғауға тыйым салынды
Түрікменстан әйелдеріне кірпік ұзартуға, жасанды тырнақ өсіруге, ерінді үлкейтуге тыйым салынды. Тыйымды бұзған сылқымдар мен салон иелері айыппұл арқалауы немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін.
Мары облысына қарасты Байрамалы қаласының полиция қызметкерлері жергілікті сұлулық салондарына барып, кейбір қызметтерді көрсетуге тыйым салған.
Олар ботокс, кірпік ұзарту, ерін үлкейту және жасанды тырнақ жалғау сияқты қызметтер көрсетуге тыйым салынғанын ескертті, дейді сұлулық салондарының бірінің қызметкері.
Дегенмен шебердің айтуынша, тәртіп сақшылары тыйымның енгізілгенін растайтын ешқандай құжат көрсетпеген, себебін түсіндірмеген.
Полицейлер тыйымды бұзып, жоғарыда аталған қызметтерге жүгінген әйелдер ұсталып, айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл тыйым салон иелеріне де қатысты.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




