Әлеумет
Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды, бір адам қаза тапты
- author «Ақ жол»
- 21 мамыр, 2022
- 459
Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды, бір адам қаза тапты
Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді.
102 телефонына бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен. "Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс салдарынан аурухана аралық 138 дәріхананың ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады", - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.Алдын ала мәліметтер бойынша, газ жиналып, жарылыс болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




